Шетелдік нөмірлі көліктер түгелдей тіркеуге алынуы тиіс — ҚР ІІМ

Былтыр жол бойындағы бақылау камералары арқылы шетелдік нөмірмен жүрген көліктердің 41 мыңы заңбұзушылық жасағаны анықталды. Алайда олардың иесін тауып жауапқа тарту қиын болып тұр.


Фото : zhambylnews.kz3 октября 2019, 10:46

ҚР Ішкі істер министрлігі шетелдік нөмірі бар көліктерді тіркеу туралы ұсынысты алға тартты. Себебі шетелдің мемлекеттік нөмірімен жүрген көліктер жол ережесін бұзған жағдайда иесін тауып, жауапкершілікке тарту қиын, деп хабарлайды «Хабар 24«.

«Дегенмен, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келген көлікті тіркеу арқылы түйткілді мәселе түбегейлі шешілмейді. Қазақстан көшелерінде Кеден одағына мүше Армения, Қырғызстан, Ресей көліктері көбейді. Әзірге темір тұлпарды тасып, тақымдауға заң бойынша тыйым жоқ. Бірақ Ішкі істер министрлігі жаппай тіркеу керек деген бастама көтерді. Өйткені былтыр жол бойындағы бақылау камералары арқылы шетелдік нөмірмен жүрген көліктердің 41 мыңы заңбұзушылық жасағаны анықталды. Алайда олардың иесін тауып жауапқа тарту қиын болып тұр», — дейді телеарна тілшісі.

Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоковтың айтуынша, кеден салығын азайтып, тұрғындардың шет мемлекеттен жаңа көлік алуына жағдай жасау керек.

Эдуард Эдоков, Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы:

— Қазақстанға шет мемлекеттен әкелінетін көлік біріншіден «Еуро 4» талаптарына сай болуы керек. Екіншіден, кеден салығын төлейсіз. Ол көлік құнының шамамен17%-іне тең. Алғашқы тіркеуге 1 миллион 200-300 мың теңге төлейсіз. Одан кейін утилизациялық алым тағы бар. Осының бәрі көліктің құнын өзіндік бағасынан екі есеге қымбаттатады. Ал Армения, Қырғызстанда шет мемлекеттен көлік әкелу жеңілірек. Сондықтан біздің азаматтар амалсыз сол елдерден әкеліп жатыр. Өйткені бізде баға қымбат.

Сарапшымыз Қазақстан отандық кәсіпорындарды қолдау үшін осындай қадамға барып отырғанын жақсы түсінеді. Дегенмен, жанымызда әлемде көлік шығарудан көшбасшы саналатын Қытай және Ресей тұрғанда отандық автопромды дамыту қиынға түсетінін айтады.

Эдуард Эдоков, Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы:

— Көлік шығаратын кәсіпорын өз шығынын өзі жауып жұмыс істеуі үшін жыл сайын кемінде 200 мың темір тұлпар сатуы керек. Бізде ең үздік көрсеткіш 150 мың болды. Кейінгі жылдары 40-50-60 мыңнан аспайды. Сондықтан ол өз шығындарын жаба алмай, Үкімет көмегіне жүгінеді.

Қолдағы мәліметтерге қарағанда, Қазақстан көшелерінде жүрген темір тұлпарлардың 64%-інің қолданыста жүргеніне 10 жылдан асып кеткен. Екі миллиондайына 18 жылдың жүзі болыпты. Бұл өз кезегінде экологияға зиянын тигізіп жатыр.

auto.zakon.kz

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.