Нұр-Сұлтанда қиғаш қиылыс пайда болды

Енді қала тұрғындары жолдан жылдамырақ өтетін болады.


Фото : kolesa.kz12 сентября 2019, 10:10

Уәлиханов пен Сейфуллин қиылысындағы бағдаршамның жұмыс режимі өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бұдан былай онда белгілі бір уақытта барлық көліктер үшін бағдаршамның қызыл түсі жанып, жолаушылардың жолды тігінен, көлденеңінен, тіпті диагональ бойынша да кесіп өтуіне мүмкіндік беріледі.

Астаналық шенділердің айтуынша, бағдаршамдардың жаңа жұмыс кестесі аталған қиылыста сынақтан өткеннен кейін басқа да көше бөліктерінде іске қосылады.

Қиғаш қиылыстар бұрын ресейлік ЖҚЕ-не енгізілді. Бірақ онда жаяу жүргіншілер үшін арнайы қиғаш жолақтар қарастырылған. Алматыдағы Атакент маңына орнатылған бағдаршамдар да осыған ұқсас режимде жұмыс істейді.

Десе де оңтүстік астананың әкімдігі қиғаш жолақ сызбады, әрі бұл режим Әуезов пен Тимирязев қиылысынан әрі аспады.

auto.zakon.kz

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.