Жол көктайғақ: Қарағандыда бір тәулікте 32 көлік апаты болды

Бұған жүргізушілердің көлік дөңгелектерін дер кезінде ауыстырмауы себеп.


Фото : Pixabay8 ноября 2019, 08:27

Қарағандыда бір тәулікте 32 көлік апаты болды. Осының салдарынан 6 адам жарақат алған. Полицейлер бұған көлік жүргізушілердің бейқамдығы себеп деді. Айта кетейік, 1-ші желтоқсаннан бастап «қысқа сақадай сай емес» көліктердің жүргізушілеріне айыппұл салынады. Бұл жаңашылдық биылдан бастап енгізіліп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Қарағандыда алғашқы қар түсісімен көктайғақ басталып, бір тәулікте 32 жол апаты тіркелді. 6 адам жарақаттанып, біреуі ауруханаға түскен. Полицияның хабарлауынша, бұған жүргізушілердің көлік дөңгелектерін дер кезінде ауыстырмауы себеп. Қаланың орталық көшесінде мұз үстінде сырғанаған 5 бірдей автомашина бір- бірімен соғылды. Полиция жүргізушілерді сақтық шараларын жасауға шақырады.

Жанатай Сембеков, Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

— Полиция барлық жүргізушілерден жол жүру ережелерін сақтауды, жолда жүргенде барынша сақ болуды, жол белгілеріне аса мән беру керек екенін ескертеді.

Алайда жүргізушілер қыстың қамына кірісуді кешелі-бері ғана бастапты. Оның өзінде алғашқы қар түскен соң ғана. Қазір қаладағы дөңгелек жөндейтін орталықтарда көлік иін тірсеіп тұр. Көбісі ерте қамдануға уақыт таппағандарын айтады.

Бауыржан Ауанов, Қарағанды қаласының тұрғыны:

— Өзім түнде келдім рейстен. Обедтен кейін еріген соң келіп отырмын. Жер кәзір еріп жатыр ғой, летниймен келуге болады.

Дөңгелек ауыстыратын жерлер келушілер көп болғандықтан, күні- түні жұмыс істеу тәртібіне көшіпті. Құны көліктің маркасына байланысты өседі. 3 мың теңгеден басталып, 7 мыңға дейін барады.

Қайыржан Смаилов, дөңгелек жөндеу орталығының жұмыскері:

— Көп келіп жатыр кісілер. Қайда әлі, 7-8 машина бар біздің өзімізде. Мына жерде 7-8 шиномонтажка бар. вот санай беріңіздер қанша машина тұрғанын. Резиналар қымбат қой, көбісі ақшаларын жинайды, тосады, қарызға алып жатқандар да бар.

Техника мамандарының бақылауынша, Қарағандыда жазғы дөңгелектерін ауыстырмағандар көп. Сондықтан қарбалас әлі жалғасатынын заңдылық. Ал жаңа заң бойынша желтоқсанның бірінен бастап қысқа дайындалмаған жүргізушілерге айыппұл салынбақ. Оның көлемі шамамен 11 мың теңгеден асады.

auto.zakon.kz

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Комментарии закрыты.