Алматыда жүрген келімсек-таксистерді қуып жіберу ұсынылды

Жағдайымыз осындай енді: Алматының іші-сырты толған таксист.


Фото : kapital.kz27 сентября 2019, 14:36

Алматы көшелерінде полиция мен камералар жоқ кезде жол ережесін әй-шай жоқ бұза беретін келімсек-таксистерді қаладан бір теуіп қуып жіберуді автокөлік саласын жазатын журналист әрі блогер Диаз Әбілқасов желідегі жазбасында ұсынды.

«Алматыға сырттан келген барлық таксистерді қуып жіберуді ұсынамын. Оларға ештеңе түсіндерместен, ақталып жатпай-ақ бірден қала сыртына қайта айдап жіберу керек. Егер де полиция мен салық органдары шындап іске кіріссе, жол ережелерін жиі бұзатын осы бір заңсыз тасымалдаушылардың көзін құрту онша қиын емес, деп ойлаймын.

Олардан Алматы экономикасына түк пайда жоқ, өйткені бар тапқанын олар өз отанына жібереді (салық төлемейтінін тіпті айтпай-ақ қояйын). Бірақ енді зияны шаш-етектен – көшеде тоқтай қалып, апатты жағдай туғызатындары аздай, өздерінің ескі-құсқы, арзанқол автокөліктерімен қаланың ауасын аямай-ақ ластап жатыр.

Бағалары да арзан емес өздерінің, өйткені көбі қала білмейді, көшелердің қайда екенін білмейді. Осындай бастама көтерсем, мені кім қолдайды?» – дейді ол өзінің постында.

auto.zakon.kz

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.