Алматы орталығындағы тағы екі көшеде тұрақ ақылы болды

Бұл көшелердің бойында ақылы тұрақ енгізу ауадай қажет еді.


Фото : express-k.kz1 октября 2019, 14:49

Бір ақылы бөлік Құрманғазы көшесінің бойымен Сейфуллиннен мен Достыққа дейін созылады. Оның бойында көлік қоятын 142 орын, оның ішінде мүгедектерге арналған 13 тұрақ-орын бар, деп жазады Zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Екінші ақылы тұрақ Шевченконың бойында ашылды, Сейфуллин көшесі мен мен Зенков көшесінің аралығында. Онда 205 көлік орны көзделген, оның сегізі мүгедектерге арналған.

«Алматы СпецТехПаркинг Сервис» компаниясы түсіндіргендей, бұл көшелердің бойында ақылы тұрақ енгізу ауадай қажет еді, өйткені бұл жерлер – экономикалық белсенділігі аса жоғары жерлер.

auto.zakon.kz

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.