Алматы мен Жамбыл облысында полиция көлігінің макеттері орнатылды

Алматы және Жамбыл облыстарында жол қауіпсіздігі күшейтілуде.


Фото : Алматы облыстық ПД2 октября 2019, 13:57

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ Алматы және Жамбыл облыстық полиция Департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп қауіпті аймақтар және жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жол учаскелерінде «жол-патрульдік полиция» көлігінің макеттерін орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл іс-шара республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын асырмау үшін ұйымдастырылуда.

Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша 5 макет, ал Жамбыл облысында 4 макет жол жиегіне қойылған.

Алдағы уақытта мұндай макеттерді еліміздегі барлық республикалық маңызы бар автожолдардың бойында орнату жоспарланған.

auto.zakon.kz

Добавить комментарий