Таңертең бері, кешке кері: Нұр-Сұлтанда реверсті қозғалыс енгізілуі мүмкін

Бұл мәселені талдау қажет – ҚР ІІМ ӘПК бастығы.


Фото : sibdepo.ru6 ноября 2019, 16:17

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов Нұр-Сұлтанда реверстік кері қозғалыс тәртібін енгізу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байболов бұл мәселені Нұр-Сұлтан полиция департаментінің бастығы әкімдіктегі жол қозғалысын реттеу жөніндегі кеңесте айтқанын атап өтті.

– Оқу жылының басында жолдарда үлкен кептелістер пайда болғандықтан осындай идея пайда болды. Қабанбай батыр даңғылын алайық, ол 30 мыңнан астам адам тұратын ірі Қосшы ауылына апарады. Көлік нөпірі таңертең Нұр-Сұлтанға кіруге, кешке қаладан қашуға асығады. Әрине, кептелістер туындап, қолайсыздықтар болып жатыр. Бұл мәселені реттеу үшін біз оны жан-жақты қарастырамыз, бірақ түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ, – деді спикер.

Оның айтуынша, бәрін мұқият талдау қажет.

– Кептелістер уақытын қарау керек, мысалы, қай уақыт аралығында кептеліс болады, сол кезде бір бағытты жауып, екіншісіне жол ашу керек. Бірақ бұл шешім жақын арада қабылданбайды. Тағы бір ай керек шығар, – деп қорытындылады ӘПК бастығы.

Реверстік қозғалыс – уақытқа байланысты бір бағыттан екінші бағытқа өзгеретін белгілі бір жолақтардағы қозғалыс тәртібі.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда Сығанақ көшесі – Тұран даңғылы, Тұран даңғылы – Керей Жәнібек көшесі мен Бейсеков көшесі – Қорғалжын шоссесі қиылыстарында солға бұрылыстарға тыйым салынғаны белгілі болған.

auto.zakon.kz

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Комментарии закрыты.