Ақылы тұрақтар желісін ұйымдастыру және кеңейту туралы қоғамдық тыңдау өтеді.
Фото : kolesa.kz10 октября 2019, 12:15
Алматының қоғамдық кеңесі 2019 жылдың 24 қазанында қоғамдық тыңдау өткізетінін жариялады.
Күн тәртібінде қала үшін екі маңызды да үлкен мәселе тұр: Алматыда ақылы тұрақтар желісін ұйымдастыру мен кеңейту және велосипед инфрақұрылымын дамыту.
Ұйымдастырушылардың осы екі тақырыпты біріктіріп отырғаны түсініксіз, деп жазады kolesa.kz.
Біріншіден, екі тақырып та тым ауқымды және жеке-жеке талқылауды қажет етеді, екіншіден, мұндай қадам велосипедшілер мен автокөлік жүргізушілерін бір-біріне қарсы қойып, конструктивті диалогты кәдімгі былапыт дауға айналдыруы мүмкін.
Қоғамдық тыңдау 2019 жылдың 24 қазанында «Тұран» университетінің мәжіліс залында өтеді. Мекен-жайы: Сәтпаев көшесі, 16. Басталуы 16:00-ге жоспарланған.
Отырысқа кез-келген адам қатыса алады.