Көлік кептелісіне оқушылар кінәлі болып шықты

Астананың жол қозғалысына сараптама жүргізген мамандар кеңес берді.


Фото : kolesa.kz1 ноября 2019, 11:14

«Көркем Телеком» компаниясы («Сергектің» әзірлеушісі) есеп жүргізген екен.

Нұр-Сұлтанда оқушыларды таситын жиырма мыңнан астам жүргізушілер кептелістер уақытын екі сағатқа созады, деп жазады kolesa.kz.

Ал каникул кезінде кептеліс 20–30 минутқа созылатын болып шықты.

Бейнебақылау жүйесін әзірлеушілердің айтуынша, жазғы күндері таңертең Нұр-Сұлтан көшелеріне 150–160 мың көлік шығады, ал сабақ басталғалы таңғы көлік саны 180 мыңға көбейіп кеткен.

Кетпелістерден құтылу үшін мамандар бала таситын ата-аналардың бірігуіне, мектеп автобустарын көбейтуге және баланы үйге жақын жерлердегі мектепке ауыстыруға кеңес береді.

«Сергек» деген ақылды камералар Нұр-Сұлтанда 2017 жылы пайда болған. Биыл «Сергектер» Алматыға да жетіп, жыл соңына дейін олардың санын 400-ге жеткізу жоспарланған.

Тірлігіміз бала тасу – қала халқы үй жанындағы мектепті менсінбейді
auto.zakon.kz

Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

Комментарии закрыты.