Эстония жүргізушілерге ақша орнына уақыт айыппұлын енгізді

Жылдамдықты асырған жүргізушілерге не ақшалай айыппұл, не біраз уақыт жол жиегінде тоқтап тұрып, өзінің осы қылығы туралы ойлану ұсынылады.


Фото : kolesa.kz30 сентября 2019, 10:51

Эстонияда жолда жылдамдықты асыратын жүргізушілер енді ақшалай айыппұл төлегісі келмеген жағдайда бір сағат тоқтап тұрумен құтыла алады.

Postimees басылымы жазғандай, жылдамдықты асыратын жүргізушілерге жиі жазылып берілетін хаттамалар жергілікті жүргізушілерге әсер етпейтін болған, деп хабарлайды kolesa.kz.

«Әсіресе жылдамдықты бақылайтын камералардан келетін айыппұлдарды халық ай сайын төлейтін үйреншікті шығыны ретінде қарастыратын болып алды», – дейді Полиция департаментінің Инновация мәселелері жөніндегі кеңесшісі Элари Каземетс.

400 жүргізушімен сауалнама жүргізілгеннен кейін эстондықтардың айыппұл орнына біраз уақыт жол жиегінде тоқтатып қою жазасы әділеттірек болатыны анықталды. Өйткені жалдамдықты асыратын жүргізушілер іс жүзінде өздерін тәртіпті жүргізуші санайды екен.

Енді солай жасап қойды: жылдамдықты сағатына 20 шақырымға дейін арттырғандар 45 минут демала тұруы тиіс, ал 21-ден 40 шақырымға дейін – 60 минут. Ал одан асып түскендерге полиция ақшалай айыппұл салады. Ең минималды тоқтап тұру уақыты 45 минут, өйткені айып уақыты одан аз болса, жүргізуші жоғатқан уақытының есесін қайтару үшін жылдамдықты одан сайын арттыруы мүмкін.

auto.zakon.kz

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.